Қазақстандық әнші, SuperStar KZ шоуының жеңімпазы Алмас Кішкенбаевтың ісі бойынша сот отырысы жабық форматта өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ақпаратты Алматы қаласының баспасөз қызметі растады.
Іс әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралады. Отырыс күні 3 ақпанға жоспарланған.
Жоғарғы Сот сайтындағы сот кабинетінде жарияланған ақпаратқа сәйкес, әншіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі ("Ұсақ бұзақылық") бойынша іс қаралып жатыр.
Кәмелетке толмаған баланың ата-анасы осы оқиға бойынша полицияға арыз түсірген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу