Әнші Бейбіт Қорған ұсталды

548

Оқиға әуежай аумағында болған.

Әнші Бейбіт Қорған ұсталды Фото: instagram.com/beibitkorgan

Әнші Бейбіт Қорған Атырау әуежайында құқық қорғау органдары тарапынан әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 44 жастағы азамат қоғамдық тәртіпті бұзып, бейәдеп сөздер айтқан және мас күйінде жүрген. Сондай-ақ ол тәртіп сақшыларының заңды талаптарына бағынбаған. Осыған байланысты хаттама толтырылып, іс әкімшілік сотқа жолданған.

Құқықбұзушылық фактісі Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің "Ұсақ бұзақылық" бабына сәйкес қаралды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу