Әнші Димаш Құдайберген БҰҰ елшісі атанды

867

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің БҰҰ-ның көші-қон ісі жөніндегі ізгі ниет елшісі атанды.  

Әнші Димаш Құдайберген БҰҰ елшісі атанды Фото: dimashnews.com

Бұдан бөлек тағы сегіз әлемдік жұлдыз елші атанды, деп жазады inbusiness.kz dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

Елшілер көші-қон ісі ұсынатын мүмкіндіктерді және оның бүкіл әлем бойынша таланттарды таратуға қалай көмектесетініне қолдау көрсетеді деп күтілуде.

"Мен осы тамаша адамдарды жаңа аймақтық және ұлттық ізгі ниет елшілері ретінде қарсы алғаныма өте қуаныштымын. Олар бүкіл әлем бойынша пионерлер және шабыт көздері. Енді олар жақсы басқарылатын көші-қонды қолдау және қозғалыстағы адамдардың өмірін жақсарту бойынша күш-жігерімізді біріктіру арқылы өзгеріс жасайды", - деді бас директор Эми Поп.

Елшілердің табандылық танытқаны атап өтілді.

"Ізгілік елшісі ретінде мен мигранттардың құқықтарын қорғайтынымды мақтан тұтамын. Әр адам қорғалатын және мүмкіндіктерге ашық әлем үшін бірігейік", - деді Димаш Құдайберген.

ХБҰ – көші-қон саласындағы жетекші үкіметаралық ұйым болып табылады. Ол гуманистік және тәртіпке негізделген көші-қон мигранттар мен қоғамға тек пайда әкеледі деп есептейді. ХБҰ Біріккен Ұлттар Ұйымының жүйесіне 2016 жылы ассоциацияланған ұйым ретінде қосылғанын еске түсіре кетейік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу