Әнші Димаш Құдайберген Голливудта жүлделі болды

919

Әнші Димаш Құдайберген Голливудта жүлделі болды

Әнші Димаш Құдайберген Голливудта жүлдеге ие болды. Бұл туралы ол өзінің Instagram желісінде хабарлады.

"Құрметті, менің тыңдармандарым!!! Қуанышты хабарыммен сіздерді қуантуға асықпын. Бүгін Америкада Голливудта HOLLYWOOD MUSIC IN MEDIA AWARDS марапаттау кешiнде Moonlight over the Sea атты əнім The best original song of video game (Үздік саундтрек) номинациясы бойынша жеңіске жетті. Композитор Thomas Parisch мырзаны, осы жобаға атсалысқан америкалық əріптестерімді, өз командамды шын жүректен құттықтаймын! Тілеулес ағайынға, барша жерлестеріме, осы уақытқа дейін менімен бірге болған тыңдармандарыма үлкен алғыс білдіремін", - деп жазады Димаш.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу