Танымал әнші Димаш Құдайберген жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмектесетінін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Әнші Түркия мен Сирияда және басқа да көптеген елде мыңнан аса адамның өмірін қиған қайғылы оқиғаны ауыр қабылдаған.
"Қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін! Stranger әлемдік туры аясында менің концерттеріме билеттерді сатудан түскен қаражаттың бір бөлігі табиғи апат салдарынан зардап шеккендерге көмек ретінде берілетінін хабарлаймын. Менің командам толық ақпаратты кейін DimashNews-те жариялайды", - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасына.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу