Әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның ұлы жоғалып кетті

126

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. 

Әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның ұлы жоғалып кетті Фото: kyn.kz

Әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, марқұм Гүлнәр Сиқымбаеваның жалғыз ұлы Баир Сиқымбаев жоғалып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ондағы мәліметке қарағанда, Баир Сиқымбаев 2026 жылғы 24 наурызда сағат шамамен 13:20-да Коперник көшесі, 114-үйден шығып кеткен. Содан бері хат-хабар жоқ.

– Бойы 180-185 см, арықша келген, шашы қысқа әрі қара түсті, көзі қоңыр. Үстінде қара түсті спорттық костюм болған, – делінген хабарламада.

Алматы Полиция департаменті бұл ақпаратты растады.

– Медеу аудандық полиция басқармасы бұл дерек бойынша іздестіру жұмыстарын бастады. Қазіргі таңда ер адамды іздеуге бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр, – деді ведомствоның ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу