"Мен оригинал Гүлзирамын": Қайрат Нұртастың анасы өзін сынайтындарға жауап берді

740

"Қайрат осы халықпен бақытты".

"Мен оригинал Гүлзирамын": Қайрат Нұртастың анасы өзін сынайтындарға жауап берді Фото: nur.kz

Әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова өзін сынап, пікір жазатын желі қолданушыларға жауап берді. Тіпті қамаудан шыққан ұлы Қайрат Нұртасты жылы қабылдаған халыққа рақмет айтып, жанкүйерлеріне алғыс білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Гүлзира Айдарбекова желіде өзіне және ұлына сын айтушыларды сынап тастады.

“Әр адамның өзінің сүйікті кумирі болады. Құшақтаса өз ағаларындай жақсы көріп тұр. Ешқандай жаман қылық көрсетіп тұрған жоқ. Ернінен сүйген жоқ. Құшақтасын, бәрі бір қазақтың балалары. Жүрегінде мейірімі бар адам құшақтайды. Бұл жерде тек қыздар емес, қаншама қарт кісілер де, Қайратты көру үшін екі сағат бұрын келген. Қайрат осы халықпен бақытты. Алысқа кетсе де, халықты сағындым деп отырады. Оның бала күнінен арқа сүйегені – халық. Оны көп адам түсіне бермейді. Қайрат тұрмақ менің де өз жанкүйерлерім бар. Сол кісілердің дұға-тілектерінің арқасында қиындықтан аман-есен өтіп келемін. Мен кез келген жерде қалап тұрған адаммен суретке түсемін. Көңілін қимаймын. Алла көтерген сайын иіліп келемін. Соңғы кезде "Гүлзирашым, жолыңды берсін" деп тұсау кестіреді. Келінін кіргізіп, қызын ұзатуымды өтінеді. Бәрі Алланың арқасы. Еңбекпен қатар келген бақ деп білемін. Біреуді сынап отырғанша, өз өміріңізді сүріңіздер. Кімді сынасаңыз, сондай сынақ өзіңізге де келеді. Ең бастысы, жүрегіміздің кең болуын жазсын!”, – деді продюсер.

Сондай-ақ, әншінің анасы не үшін үнемі баласы туралы пост сала бергенін түсіндірді.

“Ақша алатын мен ютуб каналы емеспін. Ешкім маған ақша бермейді. Өсекші парақшалармен шатастырмаңыздар. Жеке парақшамды өзім жүргіземін. Мен оригинал Гүлзирамын. Өмірімізде не болып жатыр соны көресіңдер. Ең бастысы, екіжүзділік жоқ, әрі шынайы, оқырмандарымыздан жасыратын түк жоқ. Негізі биыл жақсы ойласаң 3 есе жақсылығымен келетін карма жылы. Ол шындық, не жасайсың не ойлайсың ниетіңе қарай Алла үйіп-төгіп беретін жыл. Жаман ойласаң жамандық кетпейді, жақсы ойласаң жақсылығың көп болады,”, – деп кеңес айтты Гүлзира Үсенқызы.

Еске салайық, Заңгер Айгүл Орынбек Қайрат Нұртастың анасына ескерту жасаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу