Әнші Қайрат Түнтеков сахнада неге көрінбей кеткенін айтты

5112

Шығармашылыққа келем деп өзіме сөз бердім.

Әнші Қайрат Түнтеков сахнада неге көрінбей кеткенін айтты Фото: Видеодан скриншот

Өзімді тастай салдым, содан жұмысым да жүрмей қалды. Бұл туралы әнші Қайрат Түнтеков "Saltanat Live" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Әнші сұхбат барысында қазір немен айналысып жүргенін және сахнаға қашан оралатыны жайлы айтты.

"Соңғы кездері Шымкентте тұрып жатырмын, осында көшіп келдім. Әртүрлі жағдайлар болды, оның үстіне шығармашылық дағдарысқа қатты беріліп кетім. Кәсібім де болды, караокиді де жұмыс істетіп көрдім. Пандемияда жабылып қалды ол жер. Қазір Шым қаладамын",  - деді әнші.

Сонымен қатар ол осы қаңтар айынан бастап шығармашылыққа қайта кірісетінін айтты.

"Шығармашылыққа келем деп өзіме сөз бердім. Бұған дейін қанша рет оралам деп айтып жүрдім. Бірақ бір себептермен экраннан кетіп қала бердім. Оған себептер көп. Оның бірі – еңбек. Өзімді тастай салдым, содан жұмысым да жүрмей қалды. Дегенмен, әр тыңдарманыма осы жылы оралам деген уәдем бар", - деді Қ. Түнтеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу