Әнші Леди Гага Ақ үйде қызметке орналасты

661

Ақпарат Ақ үйдің сайтында 13 сәуірде жарияланды.

Әнші Леди Гага Ақ үйде қызметке орналасты Фото: Риа Новости

АҚШ президенті Джо Байден америкалық әнші, композитор, продюсер, дизайнер әрі актриса Леди Гаганы президенттің өнер және гуманитарлық комитетінің тең төрағасы етіп тағайындады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Президент Байден президенттің өнер және гуманитарлық ғылымдар комитетіне келесі тұлғаларды тең төраға етіп тағайындау ниетін жариялады: Брюс Коэн, Леди Гага", – деді АҚШ президентінің баспасөз қызметі.

Сайтта әншінің өмірбаяны да бар. 37 жастағы Леди Гага (шын аты Стефани Джоанн Анджелина Германотта) 13 Грэмми сыйлығының иегері және тарихтағы ең коммерциялық табысқа жеткен орындаушылардың бірі. Ол қайырымдылық пен қоғамдық науқандардың белсенді қатысушысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу