Әнші Qarakesek қоқыс жинап, аялдама жуып жүр

180

Сот үкімі бойынша Омар Амантаев 100 сағат жұмыс істеуі тиіс.

Әнші Qarakesek қоқыс жинап, аялдама жуып жүр Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform

Ақтөбе облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті әншінің қоқыс жинап жүрген видеосын таратты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Qarakesek лақап атымен танымал Омар Амантаев Заречный тұрғын алабында тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Әнші басқа да жазасын өтеушілермен бірге қоғамдық жұмыстарға шығып, елді мекен аумағын қоқыстан тазартып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Қоғамдық жұмыс – тек жаза ғана емес, қоғамға пайдалы еңбек арқылы жауапкершілікті сезінуге бағытталған тәртіптік шаралардың бірі. Бұл ретте Омар Амантаев сот үкімін орындау барысында заң талаптарына бағынудың үлгісін көрсетті. Заң алдында бәрі бірдей. Танымал тұлға немесе қарапайым азамат болса да, сот шешімі бәріне ортақ және міндетті түрде орындалуы тиіс. Бұл – құқықтық мемлекет қағидаттарының айқын көрінісі. Әр азамат заң талаптарын құрметтеп, өз әрекеті үшін жауап бере білсе, қоғамда тәртіп пен әділдік нығая түспек", – деп хабарлады Ақтөбе облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу