Ринат Шамшырақ: Әйелім менен алты жас үлкен, бұрын ажырасқан

7249

Жас танымал әнші Ринат Шамшырақ өзінен алты жас үлкен Аружан есімді қызға үйленген. Жұбайының бір баласы бар, бұрын ажырасқан.

Ринат Шамшырақ: Әйелім менен алты жас үлкен, бұрын ажырасқан Фото: @rinat_shamshyrak

Бұл туралы ол "Қызықты weekend" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бағдарлама барысында әнші әйелімен қалай танысқанын, ата-анасының батасын алу үшін қандай амалға барғанын айтып берді.

"Анам басында жұбайымның менен үлкен екенін, тұрмыста болғанын, баласы барын мүлдем білмеді. Кейін білген соң "балам өзіңнен үлкен ғой, сенің болашағың әлі алдыда. Қойсаңшы" деді. Жарайды-жарайды деп жүрдім. Бірақ өзім жақсы көремін, өзімнің таңдап алған адамым. Кейін туыстарым хабарласатын болды, сөйтіп жүргенде өнердегі ағаларым да хабарласып, ренішін айтты. Барлығы қарсы болды. Сөйтіп жүргенімде мен ауырдым. Операцияға түскенде келіншегімнің қамқорлығын, сезімін байқадым. Ол күнде ауруханаға тамақ әкелетін. Оның үстіне үйдегілерге көрінбей тығылып келеді. Содан бастап шынайы махаббат басталды", – дейді әнші.

Дегенмен кейін туыстары ол қызбен кездесіп жүргеніне қайтадан реніштерін білдірген. Тіптен әкесіне дейін шығып хабарласыпты.

"Ата-анам бірінші орында болғандықтан, ол  кісілерді ренжіткім келмеді. Содан ол қызды ұмыту үшін әлеуметтік желіде өзге қыздармен сөйлесетін болдым. Бізде уақытша махаббат па деп өзімді сынап көрдім. Бірақ ешкім ұнамады. Ештеңеге зауқым болмады. Шығармашылығым да жайына қалды. Кейін үйге барып бәрін түсіндіріп, ол қызсыз өмір сүре алмайтынымды айттым. Басында қарсылық танытқанымен, анам егер алсаң жария қылмай үйлен деп айтты", – дейді Ринат Шамшырақ.  

Айта кетсек, қарындасымен бірге ән айтып танымал болған Ринат Шамшырақ 2023 жылдың желтоқсан айында той жасап, үйленген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу