Әнші Шакира әлем чемпионатында тарихи нәтиже тіркеді

Әйгілі жұлдыз бұған дейін 2006, 2010 және 2014 жылдардағы әлем чемпионаттарында ән шырқаған еді.  

Әнші Шакира әлем чемпионатында тарихи нәтиже тіркеді Фото: Reuters

Осылайша, ол 4 мундиальда ән шырқаған тұңғыш орындаушы атанып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

11 маусым күні Мехикодағы аты аңызға айналған "Ацтека" стадионында 2026 жылғы әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Дәл осы кеште Шакира көрерменге Dai Dai атты жаңа әнін ұсынып, жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді.

Жаза кеткен жөн, биылғы мундиалдың топтық кезеңі 11-27 маусым аралығында өтеді. Әр құрама өз тобында 3 матч ойнайды.

Плей-оффқа әр топтан үздік 2 команда, сондай-ақ үшінші орын алғандардың ішінен ең мықты 8 құрама жолдама алады. Барлығы 104 матч өтеді. Мұның өзі әлем чемпионаттары тарихындағы рекордтық көрсеткіш саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу