Қонақ аз жатып көп сынайды. Ресейлік "Иванушки International" тобының әншісі Андрей Григорьев-Апполонов жазған бейнеролик Ақтөбеде қонақ үйлер сервисін көтеруге түрткі болды. Танымал әнші өңірдің ең тәуір деген Royal қонақ үйін сынның астына алған болатын. Қымбат отельде тегін жатып, тамақтанған Григорьев-Аполлонов бөлмесінде телефон байланысы және тоңазытқышты қосатын электр қуатының тетігі жоқ екенін айтқан. Ал отель иелері әншінің бұл сынымен келісіп, тіпті оны тағы да күтіп алуға әзір екендерін жеткізді. Бұл мәселе жергілікті билік пен осы салада еңбек ететін кәсіпкерлердің кездесуі барысында сөз болды.
Анар Даржанова, Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы: "Адамға байланысты. Мысалы мейрамхананың басшысы білмеуі мүмкін өз кадрларының қалай жұмыс жасап жатқанын. Алайда бизнес болған жерде бұндай кемшілік болуы мүмкін. Ең бастысы – кәсіпкердің осы саладағы кемшіліктерді жоюы".