Әнші Төреғали Төрәліге қатысты қылмыстық іс қоғалды

717

Оқиға 28 қыркүйек күні Алматы облысы, Кеген ауданында орналасқан "Көлсай көлдері" ұлттық паркінің аумағында болған.

Әнші Төреғали Төрәліге қатысты қылмыстық іс қоғалды

Әнші Төреғали Төрәліге қатысты қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz polisia.kz cілтеме жасап.

"Әнші Төреғалиға қатысты іс бойынша 29 қыркүйекте әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында осы жарияланым анықталды. Оқиға 28 қыркүйек күні Алматы облысы, Кеген ауданында орналасқан "Көлсай көлдері" ұлттық паркінің аумағында болған. Құқық бұзушылық ҚР ҚК-нің 293 - бабында көзделген қылмыс құрамының белгілері бойынша тіркелді. ҚР заңнамасына сәйкес, барлық қажетті сараптамалық зерттеулер жүргізіп, оқиғаның шынайы мән-жайларын анықталатын болады",- делінген хабарламада. 

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, қылмыстық істі тергеу барысы мен нәтижелері Алматы облысы полиция департамент басшылығының бақылауына алынды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу