Төреғали Төреәлі есірткіге мас күйде ұсталды

7173

Полицияның хабарлауынша, оның қанынан есірткі анықталған.  

Төреғали Төреәлі есірткіге мас күйде ұсталды Фото: m.apkpure.com

Әлеуметтік желіде әнші Төреғали Төреәлінің мас күйінде ұсталған видеосы тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Полиция бұл оқиғаға қатысты түсінік берді.

Алматы қалалық ПД 14  маусым Майлин көшесінің бойында, солтүстік бағытта, жергілікті полиция қызметінің мамандандырылған батальонының экипажы 1992 жылы туған А. есімді азаматтың басқаруындағы Lexus автокөлігін тоқтатқанын хабарлайды.

"Жүргізушінің мінез-құлқы өрескел болып көрінді: ол агрессивті болды, полицияның заңды талаптарына бағынбады, тұрақта тұрған Chevrolet көлігіне зақым келтіріп, ұсталған орнынан қашып кетпек болды.

Құқық бұзушының жолы бұғатталды. Патрульдік полиция қызметкерлері оны ұстап, медициналық тексеруге алып барды. Сараптама нәтижесінде А. есімді азаматтың есірткіге мас екендігі белгілі болды", деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір ҚР ӘҚбК-нің 608-бабы 3-бөлігі, 613-бабы 1-бөлігі, 599-бабы 1-бөлігі, 596-бабы  3-бөлігі, 600-бабы 1-бөлігі және 230-бабы 2-бөлігі бойынша хаттамалар толтырылды.

Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Өндіріс материалдары шешім шығару үшін сотқа жіберілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу