Бұл суыт хабарды Instagram желісінде әншінің әріптесі Әбубәкір жазды.
"Сене алар емеспін. Ардақты ағайын... Қайғылы хабар естіп төбемнен мұздай су құйып жібергендей болып отырмын. Бірер сағатта қаншама хат келді, Жанарға не болды деп. Мән-жайды анықтап, ағасына хабарластым. Өкінішке қарай сіздер де, мен де естіген суық хабар шын болып шықты. Ерке ақ көңіл, сүйкімді Жанардан айырылып қалдық...",– деді әнші өзінің парақшасында .
Қазірге белгісілі SuperStar.kz жобасының қатысушысы, "Арнау" тобының экс-мүшесі бүгін таңғы сағат 9:00 шамасында туған жері Қарқаралыда қайтыс болған.
Бұған дейін желіде Жанардың депрессияға түскені, сахнаға шығуға қорқатыны туралы жазылған болатын. Тіпті әншінің әріптесі Сиви Махмуди "Жанар екеуміздің бірлескен жұмысымыз ұзаққа бармайды, оның мінезіне төзе алмаймын" деген еді.
"Ән айтқысы келмейтінін айтады. Шығармашылықпен айналысқым келмейді деп жылайды. Әртүрлі көңіл-күйде жүреді. Концерт алдында да бәрінен бас тарта салуы мүмкін. Бұған Ақтөбе облысында бір ай концерт берген уақытта көзім жетті. Желі қолданушыларының пікірін оқып жылайды. Оны сабырлыққа шақыруға тура келеді. Мен көп нәрседен бас тартпай, соңына дейін баратын адаммын. Бірақ бұл жолы келісім жасаспай тұрып, одан бас тартамын деген шешімге келдім", – деген болатын Сиви Махмуди "Время" газетіне берген сұхбатында.