Аңшылық пен балық аулауға қатысты 47 заң бұзушылық анықталды

202

Бұл туралы ШҚО ПД баспасөз қызметі мәлім етті.  

Аңшылық пен балық аулауға қатысты 47 заң бұзушылық анықталды Фото: ЖИ

Шығыс Қазақстан облысында 24-28 тамыз аралығында өткен "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Рейдтің негізгі мақсаты – жануарлар дүниесін заңсыз аулаудың алдын алу, браконьерлік фактілерін анықтау және табиғатты қорғау заңнамасының сақталуын бақылау.

Төрт күн ішінде полиция қызметкерлері 47 әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеді. Оның 25-і аң аулау, 21-і балық аулау қағидаларын бұзуға қатысты болса, тағы бір дерек Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 381-1-бабы бойынша анықталған.

Сонымен қатар полиция аң аулау құралдарын сақтау және пайдалану талаптарының орындалуын тексерді. Анықталған барлық құқық бұзушылықтар бойынша заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.

Полиция азаматтарды аң аулау және балық аулау ережелерін сақтап, жануарлар дүниесін заңсыз аулауға жол бермеуге шақырды. Табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылған.

Бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу