Ант қабылдауына анасы келе алмаған сарбаз президенттік полкке ауыстырылды

2798

Бұл туралы ақпарат Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінің ресми парақшасында жазылған.

Ант қабылдауына анасы келе алмаған сарбаз президенттік полкке ауыстырылды Фото: inbusiness.kz

Ант беру рәсіміне анасы келе алмаған сарбаз Александр Землянкин "Айбын" Президенттік полкіне ауыстырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"ҚР ҚМ 51809 әскери бөлімінің мерзімді қызмет әскери қызметшісі қатардағы жауынгер А.Землянкин ҚР МКҚ Айрықша мақсаттағы күштерінің "Айбын" Президенттік полкіне ауыстырылды", - делінген Мемлекеттік күзет қызметінің жазбасында.

Әскери қызметші қуанышын бөлісіп, Отанға адал қызмет ететініне ант етті.

“Мен командирлерім мен жолдастарымды жерге қаратпаймын. Командирлердің барлық бұйрығын адал орындаймын”, - дейді Александр Землянкин.

Естеріңізге сала кете кетейік, осыған дейін әлеуметтік желіде Александр Землянкин есімді жігіттің ант тапсыру рәсімінде түсіріліген видеосы тараған болатын. Белгілі болғандай анасы белгілі себептерге байланысты қатыса алмаған. Сарбаздың видеосы көптің жүрегін елжіретті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу