Анталиядағы ЭКСПО-ға келушілер легі әлі де басылған жоқ

1706

Анталиядағы ЭКСПО-ға келушілер легі әлі де басылған жоқ

Анталиядағы Дүниежүзілік ботаникалық ЭКСПО-2016 көрмесі 30 қазан күні ресми түрде жабылғанына қарамастан, қонақтар әлі де келіп жатыр, деп хабарлайды naryk.kz.

"ЭКСПО көрмесі ешқашан жабылмайды. Бұдан былай бұл жер көрме емес, Анталия Орталық саябағы болып аталады",  – деген еді Анталия провинциясының губернаторы шараның ресми жабылу салтанатында.

Оның айтуынша, жарты жыл ішінде көрмеге 4,7 млн адам келген. Дегенмен, оған 8 млн адам келеді деп болжанды. Көрсеткіштің төмендігіне Түркияның туристік саласындағы дағдарыс себеп болуы мүмкін.

Шараға 57 ел қатысып, көрменің жалпы ауданы 112 гектарды құрады. Оны ұйымдастыру үшін Түркия 1,5 лира жұмсаған. Шараның тақырыптық атауы – "Гүлдер мен балалар".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу