Анталиядағы қонақүйлер туристер қабылдауды уақытылы бастайды

Туристік маусым дер кезінде басталмаса бизнес иелері дағдарысқа ұшырауы мүмкін.  

Анталиядағы қонақүйлер туристер қабылдауды уақытылы бастайды Фото: resortturkey.ru

Түркияда биылғы туристік маусым жойқын жер сілкіністерінің салдарына қарамастан уақытында ашылады. Бұл туралы Манавгат курортының Сауда-өнеркәсіп палатасы директорлар кеңесінің төрағасы Сейди Тахсин Гунгор мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz тілшісі Интерфакс-Қазақстанға сілтеме жасап. 

"Анталия жағалауындағы қонақүйлерге қазір табиғи апаттан зардап шеккен адамдар жайғасқанына қарамастан, олар туристер үшін уақытында ашыла алады. Жазғы маусымның басына қарай түрік үкіметі оларды басқа тұрғын үйлерге ауыстыруды жоспарлап отыр", – деді Сейди Тахсин Гунгор. 

Сонымен қатар ол қазірдің өзінде туристік нысандар саяхатшыларды қабылдауға дайындалып жатқанын айтты.

Қыс айларында жасалған келісім-шарттарға сәйкес туристік маусым уақытында басталмаса, қонақүйлер күрделі мәселелерге тап болып, Түркияның туризм саласы дағдарысқа ұшырауы мүмкін. 

Еске сала кетсек, 6 ақпанға қараған түні Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7 баллдан асатын жер сілкінісі болды, одан кейін дүмпулер қайталанды. Үйлері қираған ел халқының біраз бөлігі туристік нысандарға орналастырылды. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу