Анталияға бара жатқан ұшақта тосын оқиға орын алды

191

Ер адамға қоғамдық тәртіпті бұзды деген айып тағылды.  

Анталияға бара жатқан ұшақта тосын оқиға орын алды Фото: canva

Манчестерден Анталияға бағыт алған ұшақ ішінде жолаушылар төбелесіп, салдарынан әуе кемесі Салоникиге шұғыл қонды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға 1 қыркүйек күні Манчестер – Анталия бағытындағы рейсте болған. 35 жастағы Ұлыбритания азаматы 41 жастағы түркиялық жолаушыны бірнеше рет жұдырықпен ұрып жіберген. Кейін әуе кемесі Грекияның Салоники қаласына қонуға мәжбүр болған.

Ұшақ қонған соң тәртіп бұзған ер адам бірден қамауға алынды. Зардап шеккен жолаушыға медициналық көмек көрсетілді. Ұлыбританияның азаматына қоғамдық тәртіпті бұзып, жолаушыға дене жарақатын келтірді деген айып тағылды. Ол кінәсін мойындамайтынын және кішкене ішімдік ішкенін мойындаған.

Тәртіп бұзған ер адам ұшақтан түсірілгеннен кейін әуе кемесі ұшуын жалғастырып, Анталияға қонды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу