Антальяда садақ атудан рейтингілік турнир өтеді

673

Садақ атудан халықаралық жарыстар тізбегі коронавирус індетіне байланысты наурыз айынан бері тоқтап тұр.  

Антальяда садақ атудан рейтингілік турнир өтеді

Алайда, Халықаралық садақ ату федерациясы рейтингілік турнирлерді жалғастыруды жөн көрген, деп жазады Olympic.kz. 

Коронавирус індетіне байланысты садақ атудан биылғы маусым толықтай тоқтатылды. Әлем кубогі кезеңдері мен құрлықтық чемпионаттар өткізілмейді. 

Бірақ әлемдік ұйым спортшылардың біртіндеп жарыс алаңына оралуын ұйымдастыруды көздеген. Сол себепті, 2-4 қазан күндері Түркияның Анталья қаласында садақ атудан рейтингілік халықаралық турнир өтеді. 

Ұйымдастырушылар жарыс кезінде барлық қауіпсіздік және санитарлық талаптарды сақтауға міндеттелген. Жалпы алғанда, рейтингілік турнирлер шымылдығы 1 қыркүйекте түріледі. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу