Антальяда магнитудасы 4,9 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "РБК" агенттігіне сілтеме жасап.
Зілзала Анталья провинциясындағы Серік ауданында тіркелген. Бұл туралы Түркияның Төтенше жағдайлар департаменті X әлеуметтік желісінде жазды. Жер сілкінісі Астана уақыты бойынша сағат 15:21-де болды. Жердің дүмпу ошақтары 28 км тереңдікте орналасқан.
Төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінісінің салдары туралы ақпаратты жарияламады. NTV телеарнасы жерасты дүмпулері көршілес аудандарда да сезілгенін хабарлады.
8 желтоқсанға қараған түні Антальяның Коньяалты ауданында магнитудасы 4,3 болатын жер сілкінісі тіркелді. Ол 20 км тереңдікте болды.