Антальяға барған туристердің суға батып кетуі жиілеген

398

Қазіргі уақытта полицейлер тәулік бойы кезекшілікке шықты.

Антальяға барған туристердің суға батып кетуі жиілеген Фото: Tourism Turkey

Түркиялық Анталья қаласының жағажайларында бірнеше адамның денесі табылғаннан кейін полицейлер 15 шақырымға созылған аумақта тәулік бойы кезекшілік етіп жатыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты DHA агенттігіне сілтеме жасап. 

Өткен аптадан бері Анталья жағажайларында кемі 8 адамның денесі табылды. Жақында тағы бір мәйіт теңіз толқындарымен Мугла қаласының жағажайына дейін жеткен.

Түркия Ішкі істер министрі Әли Ерликая мәлімдеме жасап, Түркия жағажайларында табылған мәйіттердің тұлғасын анықтау жұмыстары әлі жалғасып жатқанын айтты. Сөзінше, біреуінен басқасы заңсыз мигранттарға тиесілі болуы мүмкін. Сейсенбіде жасалған ДНҚ-тесті денелердің бірі қаңтар айының басында жоғалған түрік студенті Мерве Эльмасқа тиесілі екенін растады.

"Анталья жағажайларында мәйіттер жиі табыла бастағаннан кейін полицейлер тәулік бойы кезекшілікке шықты. Олар 15 шақырымға жететін Кадрие, Белек және Богазкент аудандарындағы жағажайларды бақылайды. Жағажайды патрульдеуге бесжұлдызды қонақүймен қоса басқа туристік нысандардың да күзет қызметі атсалысады", - делінген хабарламада.

Теңізде Жағалау күзеті патрульмен айналысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу