Антарктида Нұр-Сұлтаннан да жылы. Ақпан айының ортасында мұзды өлкедегі ауа температурасы +20 градусқа жеткен. Бұл туралы The Guardian хабарлады.
Аталған көрсеткіш –Антарктидадағы метеобақылау тарихындағы ең жоғары температура.
Рекордтық жылынуды мұзды материктің Сеймур аралынан бразилиялық ғалымдар тіркеген.
Алайда бұл қуанарлық жайт емес, керсінше аномальді оқиға. Климат осылай жылына берсе, мұдықтар еріп, мұхиттардың суы көтеріледі. Ал оның зардабы адамзат үшін ауыр болмақ дейді экологтар.
Еске сала кетсек, бұған дейінгі рекордтық көрсеткіш 38 жыл бұрын +19 градусқа жеткен болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу