Антарктидада аумағы Лос-Анджелеске тең алып мұздық опырылды

1139

Спутниктен түсірілген суреттерге сәйкес, рекордтық жоғары температура салдарынан Антарктидадағы үлкен мұздықтың бір бөлігі опырылып түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Bloomberg сайтына сілтеме жасап.

Антарктидада аумағы Лос-Анджелеске тең алып мұздық опырылды

Айсберг С-38 деп танылған Конгер мұздығы Уилкс жері маңында қарс айырылды. АҚШ-тың Ұлттық мұз орталығы келеңсіз жағдай туралы 17 наурызда Конкордия стансасында температура бұрын-соңды болмаған 11 градус Фаренгейтке (Цельсий бойынша -11,8) жеткеннен кейін хабарлады.

Оның шамамен 1200 шаршы шақырым жерді (496 шаршы миль) алғаны, ал көлемі Лос-Анджелеске тең болғаны және айдың ортасындағы ыстық күн райының шарықтау нүктесіне жеткендігі атап өтілуде, деп жазды Твиттерде НАСА ғалымы Кэтрин Колелло Уокер.

Ғалымдар мұндай құбылыстардың климаттың өзгеруіне байланысты жиілеп кеткенін айтып отыр. Ақпанда теңіз мұзының көлемі рекордтық ең төмен көрсеткішке дейін азайған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу