Антарктидада шөптің жаппай өсуі ғалымдарды алаңдатып отыр

5845

Ғаламшардың ең суық материгінде тағы бір мәселе пайда болды. 

Антарктидада шөптің жаппай өсуі ғалымдарды алаңдатып отыр Фото: Naked Science

Антарктидада мұздықтардың еруінен бөлек жасыл шөптің жаппай өсуі де ғалымдарды алаңдатып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ғалымдардың айтуынша, Антарктидада жасыл шөп алаңы 10 есе өскен. Егер 1986 жылы өсімдіктер жамылғысы бір шаршы шақырымнан аз болса, 2021 жылға қарай жасыл жамылғы шамамен 12 шаршы метр болды. 

Ғалымдар континентте 2016 жылдан бастап мүктер белсенді түрде өсе бастағанын айтады. Бұл климаттың күрт өзгерісін көрсетеді. Ғалымдар жақын арада өсімдіктердің басқа түрлері пайда болуы мүмкін екенін болжап отыр.

Зерттеушілер өсімдіктердің континентке енуінің үш нұсқасын алға тартты. Біріншісі туристердің жиі келуінен, екіншісі желдің әсерінен, үшіншісі құстардың қоныс аударуынан болуы мүмкін.

Әзірге аймақтың аз ғана бөлігі көгалданған. Алайда жағдай сарапшыларды алаңдатады. Бұл Антарктиданың жердің басқа бөліктеріне қарағанда тезірек жылып жатқанын білдіреді. Жақын арада континенттегі жасыл жамылғы ұлғаюы мүмкін. Бұл жағдай аймақ пен бүкіл планетаның климатының сөзсіз өзгеруіне әкеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу