Антиденелер 3 айдан кейін азайып, 6 айда толығымен жойылады

1140

Коронавирустық инфекцияның жеңіл түрімен ауырғандарға да вакцина салдыру қажет. 

Антиденелер 3 айдан кейін азайып, 6 айда толығымен жойылады

UMС клиникалық иммунология, аллергология және пульмонология бағдарламасының жетекшісі Елена Ковзельдің айтуынша екпе саларда адам ағзасындағы антиденелер деңгейін тексеру керек емес. Маман мұндай тоқтамға келуінің себебін түсіндірді. 

"Вакцинация алдында антиденелер деңгейін анықтау міндетті емес. Бұл екпе нұсқаулығында көрсетілген. Ал ол ғылыми негізделген дәйектеме. Тіпті, коронавирустық инфекциядан жазылған науқастарда антиденелер 3 айдан кейін азайып, 6 айдан соң толығымен жойылып, нөлдік деңгейге жететінін көріп отырмыз. Індеттен кейін қалыптасқан иммунитет көп уақыт болмай төмендей бастайды. Сондықтан коронавирустың жеңіл түрімен ауырғандарға да вакцина салдыру қажет", – деді маман. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу