Антикор: 435 мың жалған диагностикалық карта берген 54 оператор анықталды

530

ИИДМ-де көліктік бақылаудың сыбайлас жемқорлық тәуекелдері талқыланды.

Антикор: 435 мың жалған диагностикалық карта берген 54 оператор анықталды

Көліктік бақылау саласында бақылау мен көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру жеткіліксіз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші қызметінің басшысы Марат Ахметов осылай дейді, деп жазады inbusiness.kz.

Айтуынша, комитет бақылауды автоматтандыруды қамтамасыз етпеген, бұл деректердің манипуляциясына және кінәлі тұлғалардың сытылуына ықпал етеді, нәтижесінде көліктің 90%-ы мемлекеттік реттеуден тыс қалады, ал жинау және айыппұл түріндегі бюджеттің жыл сайынғы шығындары 10 млрд теңгеден астам соманы құрауы мүмкін.

Шетелдік рұқсат бланкілерімен алаяқтық бойынша 5 топ 2 мың рұқсат алған. Инспекцияға тек 4%-ы қайтарылған, бұл олардың қайта сатылғанын көрсетеді.

"Өткен жылы 435 мың жалған диагностикалық карта берген 54 оператор анықталды. Бұл автоматтандыру мен ақпараттық жүйелердің жетілмегендігіне байланысты мүмкін болды", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу