Соның арқасында елімізде 2019 жылдан бері 224,7 млрд теңге үнемделген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Осы жылдың алғашқы 5 айында мемлекеттік сатып алуда 29 млрд теңгеге заңбұзушылықтар анықталды. Оның 6,4 млрд теңгесі бюджетке қайтарылып, 22,6 млрд теңгеге жоспарлы бағалар қайта қаралған.
"Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік сатып алу саласындағы жемқорлықты азайту бағытында жүйелі жұмыстар атқаруда. Басты назар – себептерді жою мен алдын алуға бағытталған. Қазіргі таңда ең тиімді әдіс – алдын алу болып отыр. Жүйелі бақылау мен цифрлық талдау – нақты нәтижеге жеткізді", – делінген хабарламада.
Осыған орай агенттік:
- сатып алу бағаларын талдайды;
- сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің шынайы құнын салыстырады;
- күмәнді тендерлерді арнайы бақылауға алады.
Былтыр 55 млрд теңгеге артығымен жоспарланған шығындар әшкереленген. Алдын-алу әсерін күшейту барысында осы саладағы заң бұзу үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жандандырылды (Антикормен мониторинг барысында анықталған бұзушылық белгілері бар барлық фактілер ішкі мемлекеттік аудит органдарына әкімшілік хаттама жасау үшін беріледі).
"2024 жылы агенттік департаменттері небәрі 22 заң бұзу анықтаған болса, биыл қаңтардан бері 95 заң бұзу анықталды. Сонымен қатар заңнаманы жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс істеліп жатыр. Агенттіктің бірқатар ұсынымды "Мемлекеттік сатып алу туралы" жаңа заңда іске асырылды (01.01.2025 ж. бастап күшіне енді). "ҚБП" форматында қағаз түрінде сатып алу алынып тасталды (құқықтық тәртіп пен Ұлттық қауіпсіздік қажеттіліктерін қоспағанда), зияткерлік меншік объектілерін сатып алу бойынша шектеулер енгізілді (оларды сатып алуға монополияға қарсы органның осындай тауарлар мен қызметтерді өндірушілердің жоқтығы туралы қорытындысы болған кезде ғана жол беріледі), сыбайлас жемқорлық үшін сотталған адамдардың сатып алуға қатысуға тыйым салу белгіленді", – делінген хабарламада.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жоба іске қосылғалы бері 224,7 млрд теңге бюджет қаржысының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді. Енді кез келген анықталған заң бұзушылық ішкі мемлекеттік аудит органдарына әкімшілік хаттама жасау үшін беріледі. Бұл – жауапты тұлғалардың нақты жауапкершілікке тартылуына жол ашады. Оған статисткалық есептер дәлел бола алады.