Антикор Алматыда 2 млрд теңгеге сатылып жатқан виллаға қатысты пікір білдірді

478

Әлеуметтік желіде Алматыда 2,4 млрд теңгеге сатылып жатқан зәулім үйдің Антикор басшысының бұрынғы орынбасары Нұрлан Шабдардың отбасына тиесілі екендігі туралы ақпарат шықты. 

Антикор Алматыда 2 млрд теңгеге сатылып жатқан виллаға қатысты пікір білдірді Фото: Pixabay.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов осы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұловтың сөзінше, қазір бұл нысан бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Тілшілер "Бұл зәулім үйдің кімге тиесілі екенін анықтадыңыздар ма? 2 млрд теңге тұратын вилла Антикор басшысының бұрынғы орынбасарына тиесілі немес оның меншігінде емес екенін айта аласыздар ма?" деп сұрады.

Антикор өкілінің бұл зәулім үй кімге тиесілі екеніне жауабы болмады.

"Ол кім болғанына, қандай қызметте жұмыс істегеніне қарамастан, оған тәуелсіз құқықтық баға беріледі", - деді Ұлан Сарқұлов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу