"Антикор" басшылығының айлықтары жарияланды

1708

Елімізде сыбайлас жемқорлық әрекеттерге бой алдырғандардың дені жалақылары жетіспегеннен барып жатады, деп хабарлайды Atameken Business.  

"Антикор" басшылығының айлықтары жарияланды

Ал осы жемқорлықтың жолын кесетін елдің топ-шенділері айына қанша алады? Бүгін Антикор басшылығының жалақылары жария болды.  Сонымен, парақорлармен күреске жуырда ғана кіріскен агенттіктің жаңа басшысы Марат Ахметжановқа қазынадан айына 1 млн 208 мың теңге төленеді екен. Бұл оның лауазымдық  еңбекақысы.  Ал оның оң қолы, яғни бірінші орынбасары Олжас Бектеновтың айлығы 911 мың теңгені құрайды.  Ахметжановтың өзге екі орынбасары Шабдар мен Малахов әрқайсысы 852 мың теңгеден алады.  Бұл деректерді "Тенгри Ньюс" порталы ұсынып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу