Антикор Батыс Қазақстан медицина университетінің ректорын ұстады

1915

Ол ірі көлемде пара алды деп айыпталуда. 

Антикор Батыс Қазақстан медицина университетінің ректорын ұстады Фото: gov.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Батыс Қазақстан медицина университетінің басқарма төрағасы-ректоры Әсет Қалиевтің ұсталғанын растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті КЕАҚ басқарма төрағасының ұсталғанын растайды", — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, агенттіктен ақпараттың толықтырылатыны айтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу