Антикор дәрігерлердің үстемақысына қатысты заңбұзушылықты анықтады

1233

Антикор дәрігерлер үстемақысына қатысты миллиондаған теңгенің заңбұзушылығын анықтады, деп хабарлайды Atameken Business.  

Антикор дәрігерлердің үстемақысына қатысты заңбұзушылықты анықтады

Бюджет қаржысын талан-таражға салу дерегі еліміздің бірнеше өңірінде тіркелді. Мысалы, Жамбыл облысында аудандық аурухана бас дәрігерлерінің біріне қатысты 2,7 миллион теңге сомасында аурухана қызметкерлеріне төленген үстемақыны жинау дерегі бойынша материалдар сотқа жолданды. Сонымен қатар, Шымкентте медицина мекемелерінің лауазымды тұлғаларына қатысты іс қозғалды. Олар коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі жоқ топтағы қызметкерлерге 50 млн теңгеден аса сомадағы үстемақыны негізсіз төлеген. Мұндай дерек Қызылорда облысында анықталды. Онда аудандық аурухана қызметкерлеріне 12 млн теңгеден аса сомаға үстемақыны негізсіз берілген. Жалпы аталған деректерге қатысты бірқатар медицина мекемелерінің бас дәрігері мен медицина қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу