Антикор экс-министр Марат Бекетаевтың ұсталғанын растады

444

Қазір күдікті соттың рұқсатымен қамауға алынды.

Антикор  экс-министр Марат Бекетаевтың ұсталғанын растады Фото: ratel.kz

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың ұсталғанын растады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Ұсталған адамның бұрынғы Әділет министрі М.Бекетаев екенін растаймыз. Қазір күдікті соттың рұқсатымен қамауға алынды. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жарияланбайды", делінген агенттік хабарламасында.

Еске сала кетейік, 21 қазан күні Антикор бұрынғы Әділет министрінің лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу