Антикор бұрынғы полицейге іздеу жариялады

277

Ол ауыр қылмыс жасаған.

Антикор бұрынғы полицейге іздеу жариялады Фото: Антикор

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті Бақыт Есенжолұлына іздеу жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Агенттік ҚР ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағында көзделген ауыр қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасының азаматын іздестіріп жатқанын хабарлады.

"Бақыт Әділ Есенжолұлы, 25.07.2000 ж.т., Қарағанды облысының тумасы (Сәтбаев қ. ПБ бұрынғы жедел уәкілі). Бұлтартпау шарасы – "Қамауда ұстау". Іздеу салынған адам анықталған жағдайда немесе оның болуы ықтимал орны туралы қандай да бір ақпарат алынған кезде, іздестіру бастамашысын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментіне (мекенжайы Жезқазған қ., Құрманбаев көшесі хабарлауды сұраймыз", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу