Антикор "Халықаралық жасыл технологиялар" орталығының басшысын ұстады

378

Астанада "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ басқарма төрағасы Олжас Ағабеков ұсталды.  

Антикор "Халықаралық жасыл технологиялар" орталығының басшысын ұстады Фото: freepik.com

Бұл ақпаратты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады, деп жазады inbusiness.kz.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ол Дубайдағы павильонға бөлінген 270 миллион теңге қаржыны ұрлады деген күдікке ілінген.

Өткен аптада Антикор Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қызметкерлеріне, оның ішінде вице-министрге қатысты тергеуді бастады. Бұл Дубайда өткен климаттың өзгеруі жөніндегі конференцияда бюджеттің жұмсалуына байланысты.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу