Қант таратудың қылмыстық схемасы ашылды

841

Әкімдік пен "Тобыл ӘКК" АҚ қызметкерлері қантты облыстың тұрақтандыру қорынан 420 тг/кг жеңілдік құны бойынша кезектен тыс кәсіпкерлерге берген. Кәсіпкерлер қантты 10%-дың орнына 100% үстеме бағамен сатқан.

Қант таратудың қылмыстық схемасы ашылды

Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті өңірдегі бағаны тұрақтандыруға арналған қантты бөлудің қылмыстық схемасын әшкереледі, деп хабарлайды inbusiness.kz "Антикорға" сілтеме жасап.

"Әкімдік пен "Тобыл ӘКК" АҚ қызметкерлері қант тапшылығын пайдалана отырып, оны облыстың тұрақтандыру қорынан 420 тг/кг жеңілдік құны бойынша кезектен тыс және нормадан тыс таңдап алған кәсіпкерлерге берген. Бұл үшін кәсіпкерлер әкімдік пен ӘКК қызметкерлеріне сыйақы ретінде 100-ден 500 кг-ға дейін қантты үлестірген. Бұдан әрі, таңдалған кәсіпкерлер пайда көру мақсатында халыққа қантты 10%-дың орнына 100% үстеме бағамен сатқан", – дейді агенттіктен.

Тұрақтандыру қорының қойма меңгерушісінің жеке гаражын тексеру барысында 900 кг қант табылып, тәркіленіп, тұрақтандыру қорына қайтарылған.

"Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды. Өңірлерде әлеуметтік маңызы бар проблемалар бойынша жұмыстар жалғасуда", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу