Қаңтар оқиғасында ұсталғандарды азаптау фактісі бойынша 177 іс қаралып жатыр

557

Антикор басшысы Олжас Бектенов пен Орталық Азия бойынша арнайы өкіл Тери Хакал бастаған Еуроодақ делегациясымен кездесуде қаңтар оқиғасындағы азаптау фактілеріне қатысты істі тергеу мәселесі жеке тақырып ретінде қаралды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Қаңтар оқиғасында ұсталғандарды азаптау фактісі бойынша 177 іс қаралып жатыр

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

"Қазіргі уақытта 171 іс аяқталды. 177 іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Стамбул хаттамасының барлық талаптары сақталып жатыр", – деп сендірген О. Бектенов. 

Кездесуде мұнымен бірге Қазақстаннан шетелге шығарылған активтерді қайтару мәселесі қаралған. Еуроодақ делегациясы Қазақстанға көмектесуге әзір екенін жеткізген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу