Антикор "Қазақстан темір жолы" қызметіндегі жемқорлық тәуекелдерін талдауға кіріседі

522

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдаудың басталғаны туралы хабарлады.

Антикор "Қазақстан темір жолы" қызметіндегі жемқорлық тәуекелдерін талдауға кіріседі

Талдауды Агенттіктің, Ұлттық компанияның, мүдделі мемлекеттік органдардың мамандары және азаматтық қоғам өкілдері жүргізетін болады.

Талдау барысында темір жол саласында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасалу себептері мен жағдайлары зерделенбек, бұл ұлттық оператор қызметінің тиімділігіне, бұрын мемлекеттік бюджеттен және Ұлттық қордан алынған қаражаттың жұмсалуына әсер етеді.

"Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат және талданып отырған саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар болған жағдайда, abdrakhmanov.n@antikor.gov.kz электрондық поштаға жіберуді сұраймыз. Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері немесе дайындалып жатқан қылмыстар туралы белгілі болса, 1424 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Call-орталығына 24/7 режимінде хабарлай аласыз", – деп жазылған агенттік хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу