Антикор қазақстандықтарға алаяқтар туралы ескерту жасады

277

Алаяқтар Антикор символикасы бар арнайы жасалған құжаттардың файлдарын жіберетінді шығарған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Антикор қазақстандықтарға алаяқтар туралы ескерту жасады Фото: unistream.ru

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мессенджерлер (WhatsApp, Telegram және басқа да байланыс арналары) арқылы жалған аккаунттар құратын және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен орган қызметкерлерінің атынан қоңырау шалуды жүзеге асыратын, жалған ақпарат жіберетін жеке тұлғалар тарапынан алаяқтық әрекеттер туралы азаматтарды ескертеді.

"Жалған ақпараттық таратуларға сенбеуді, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, қолма-қол ақша аудармауды сұраймыз. Аталған хабарламаларды алған жағдайда, осы фактілер туралы Құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу