Антикор: Қазақстанның Жемқорлықты бақылау индексі 6 позицияға өсті

Дүниежүзілік банк әлемнің 214 еліндегі ең беделді жыл сайынғы "мемлекеттік басқару индикаторлары" зерттеулерінің нәтижелерін жариялады.

Антикор: Қазақстанның Жемқорлықты бақылау индексі 6 позицияға өсті

Бағалау 6 индекс бойынша жүзеге асырылады: "Сыбайлас жемқорлықты бақылау", "Мемлекеттік басқарудың тиімділігі", "Заңның үстемдігі", "Реттеуші ортаның сапасы", "Саяси тұрақтылық" және "Халықтың пікірін есепке алу және мемлекеттік органдардың есептілігі".

Нәтижелер процентиль шкаласы бойынша көрсетіледі – төмен көрсеткіштері бар елдердің пайызы көрсетіледі.

"Сыбайлас жемқорлықты бақылау индексі бойынша Қазақстан кестенің ортасында өз орнын алды. Өткен рейтингте біздің елден төмен нәтижелер елдердің 42% көрсетті, жаңа рейтингте – 48%. Осылайша, бір жыл ішінде Қазақстан өз позициясын 6 тармаққа жақсартты, ал жалпы соңғы 5 жылда екі еседен астам өсім байқалады. Биылғы жылдың көрсеткіші еліміздің осы рейтингке қатысқан барлық уақыт ішінде ең жоғары көрсеткіш болып табылады",  деп жазылған Антикор хабарламасында.

Айта кетсек, Қазақстаннан кейінгі қатарларда Аргентина, Бразилия, Индонезия, Марокко, Сербия, Түркия және басқа да мемлекеттер орналасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу