Антикор қызметкерлері мерейтойлық медальмен марапатталды

850

Медальдарды агенттік төрағасы Алик Шпекбаев салтанатты түрде табыс етті.  

Антикор қызметкерлері мерейтойлық медальмен марапатталды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциясының ұлықтығын қамтамасыз етуге, елдің тәуелсіздігін, Қазақстан қоғамындағы келісім мен тұрақтылықты нығайтуға, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға қосқан елеулі үлесі үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығының құрметіне орай агенттіктің бірқатар қызметкері "Қазақстан Конституциясына 25 жыл" мерейтойлық медальдарымен марапатталды.

Агенттік төрағасы Алик Шпекбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің орталық аппараты мен аумақтық құрылымдарының ерекше көзге түскен қызметкерлеріне медальдарды салтанатты түрде табыс етіп, оларға қайсарлығы мен заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу