Антикор мен ІІМ Көші-қон қызметін тексеруді бастады

526

Антикор және ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің жұмысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізеді, деп хабарлайды inbusiness.kz агенттікке сілтеме жасап.

Антикор мен ІІМ Көші-қон қызметін тексеруді бастады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Көші-қон қызметі комитетінің жұмысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды бастады.

Талдау шеңберінде мемлекеттік қызметтер көрсету және бақылау-рұқсат беру функцияларын іске асыру рәсімдерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

Көші-қон қызметіндегі сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша ақпаратты 1402, 8 7172 714 109 нөмірлеріне, жүйені жетілдіру бойынша ұсыныстарды tolybekov.n@antikor.gov.kz электрондық поштасына жіберуге болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу