Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде ауыс-түйіс болды.
“Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Ұлан Серікұлы Сарқұлов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
Мақсат Мырзханұлы Жебегенов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды”, - делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу