Биыл төтенше жағдайлар саласында 10 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді

557

3 адам сотталды.

Биыл төтенше жағдайлар саласында 10 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралған жиында айтылды, деп жазады inbusiness.kz "Антикорға" сілтеме жасап.

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алдын алу қызметінің басшысы Саян Ахметжановтың айтуынша, саладағы жемқорлық фактілері қатарынан 4 жыл тұрақты өскен, дегенмен биыл көрсеткіш төмендегені байқалады. Биыл 10 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркеліп, 3 адам сотталған. 

"Оң өзгерістердің себебі 2017 жылы Төтенше жағдайлар комитеті болған кезде ведомствоның қызметінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері болды", – дейді Саян Ахметжанов.

Ахметжановтың сөзіне сүйенсек, дабыл беруді тексеру сыбайлас жемқорлық себептерінің ТОП-10-дығына кіреді. Кәсіпкерлер сондай пікірде екен.

Тексерудің оң актісін беру, бизнесті заңсыз қорғау, әкімшілік жауапкершілікке тартпау мүмкіндігі сияқты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу