"Оқу жылының аяқталуына байланысты, білім беру мекемелерінде түлектер кешін ұйымдастыру жоспарланады. Сондай-ақ мұғалімдерге сыйлықтар алу үшін ақша жинау қаупі бар. Осыған орай азаматтарға мұндай әрекеттерге бару заңмен қатаң тыйым салынғанын айта кету маңызды. ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы" Заңының 22-бабы 1-1 тармағына сәйкес мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылатынын ескертеміз", - делінген ведомство хабарламасында.
"Азаматтардың барлық өтініштері міндетті түрде қаралады. Барлық қажетті шаралар қабылданатын болады", - делінген ведомство мәліметінде.