Антикор Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісімен кездесті

608

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы елшісі Кэтрин Джейн Личпен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz.    

Антикор Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісімен кездесті Фото: gov.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы елімізде жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалар, оның ішінде 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, заңсыз шығарылған активтерді қайтару және Қазақстанда инвесторларды қорғау жөніндегі шаралар жайында хабардар етті.

Өз кезегінде Кэтрин Джейн Лич Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдірудегі, агенттіктің елдегі сыбайлас жемқорлықтың айтарлықтай төмендеуіне ықпал ететін сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік тәжірибелерді енгізудегі қадамдарының дәйектілігін оң атап өтті. Сонымен қатар елші агенттікпен ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде қолдау, жәрдемдесу және техникалық көмек көрсетуге дайын екендігін білдірді.

Кездесу барысында заңсыз байыту, ақшаны жылыстатуға қарсы күрес, компания иелерінің бенефициарларын белгілеу тәжірибесін жолға қою мәселелері талқыланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу