Антикор: Заңгерлер мен адвокаттар ірі қалаларда тегін консультация береді

479

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Антикор: Заңгерлер мен адвокаттар ірі қалаларда тегін консультация береді Фото: Tengrinews.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі еліміздің ірі қалаларында азаматтарды қабылдайды, деп жазады inbusiness.kz

"26 мамыр күні сағат 17:00-де Антикор қызметкерлері азаматтарды қабылдайды. Еліміздің жетекші заңгерлері мен адвокаттары кез келген құқықтық мәселелер бойынша кеңес береді", - делінген хабарламада.

Азаматтарды қабылдау еліміздің барлық ірі қалаларында өтеді.

Ақпаратты келесі бағыттар бойынша алуға болады:

  •  Азаматтық құқық және процесс;
  •  Банк құқығы;
  •  Атқарушылық іс жүргізу;
  •  Неке-отбасы құқығы;
  •  Мұрагерлік құқық;
  •  Тұрғын үй құқығы;
  •  Еңбек құқығы;
  •  Жер құқығы;
  •  Қылмыстық құқық және процесс және т.б. бағыттар.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу