Антикор жемқорлықпен күресуде журналистердің көмегіне жүгінбек

799

Биыл мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары табыстары туралы декларация тапсырғаны белгілі, деп хабарлайды Atameken Business.   

Антикор жемқорлықпен күресуде журналистердің көмегіне жүгінбек

Енді келер жылы олардың шығындары кірістерімен салыстырылмақ.

Ал 2025 жылы Қазақстанның әрбір азаматы дәл осылай тапқан-таянғандарының мөлшері туралы есеп беретін болады. Бүгін Үкіметтік емес ұйым мүшелерімен кездескен агенттік төрағасы Марат Ахметжанов осылай деді.

Антикор басшысы жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту тұжырымдамасы әзірленгенін айтты. Алты бөліктен тұратын концепцияда, азаматтық қоғаммен бірлесе әрекет ету тетігі қарастырылған. Оның ішінде, журналистердің жәрдеміне жүгіну де бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу